bkogov.kz М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім Басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің
bkogov.kz
М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
AA+
«М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім Басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
М.Мирманов атындағы ЖОББМ жанындағы “Күншуақ” жазғы демалыс лагерінде "Қош бол, Күншуақ!" тақырыбымен жабылу салтанаты өтті.
Балалық шақтың ең қызықты күндерін есте сақтау, сыйластыққа, ізгілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатындағы лагерь өз деңгейінде ұйымдастырылып, балалардың көңілінен шыққаны анық.
Жабылу салтанатында демалушы балалар өз өнерлерімен бөлісті. Бірі әуелете ән шырқап, бірі күмбірлете күй шертіп, бірі би билеп кештің сәнін келтірді. Лагерь жетекшілері өз кезегінде лагерь демалушыларына белсенділіктері үшін ризашылықтарын білдіріп, Дипломдар табыс етті. Сонымен қатар «Күншуақ» лагерінің тәрбиешілері де белсенді атқарған жұмыстары үшін арнайы номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды. Салтанатты кешімізге түрлі мультфильмнің аниматор кейіпкерлері келіп, мерекеміздің қызығын одан әрі аша түсті. Лагерге демеушілік көрсеткен Бекқалиев Жансерік, Апыров Дархан, Құрмашев Марат, Боранбаев Әліби, Шаймарданов Бақтығали, Халиуллин Қанат сонымен бірге аниматорлармен демеушілік еткен Сағатова Зергүл, Кайрлиева Эльмираға алғысымызды білдіреміз. Лагердің жабылу салтанатына арнайы аудан орталығынан "Айбибі" жеке кәсіпкерлігі серіппе (батут), түрлі сусындар мен тәтті мақталар әкеліп балаларды бір қуантып тастады.
Балалардың ерекше ықыласымен "Күншуақ" лагері өз жұмысын сәтті аяқтады.
Атауы Жүктеу
1
2/5