bkogov.kz М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім Басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің
bkogov.kz
М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
AA+
«М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім Басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Хабарландыру
  "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос  орынға конкурс жариялайды.  Мекен жайы: БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік а.о., Д.Нүрпейісова көш., №33 үй, soshmirmanova@mail.ru, тел: 8-711-41-24-8-93
     Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінің лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы(ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
    Бос жұмыс орыны туралы хабарландырулар `Enbek.kz`және " М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланды.
Конкурс төмендегідей бос орындарға жүргізіледі:
1. Дене шынықтыру нұсқаушысы - 1 бірлік
   Жұмыс сипаты: тұрақты. 

   Еңбек ақы орта есеппен – 130000-150000 тг
    Лауазымдық міндеттері: 
дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы дене тәрбиесінің бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді;
балалардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттері мен мазмұнын анықтайды;
білім алушыларды, тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын меңгеруге оқытады, олардың адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастырады;
дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді;
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;
медицина қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемелерін реттейді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауап береді;
салауатты өмір салтын насихаттайды;
тәрбиешілермен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс істейді; 
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
жүзу нұсқаушысы бағдарламаға сәйкес бассейнде сабақ өткізеді;
судағы балалардың қауіпсіздігіне жауап береді;
медбикемен бірге бассейннің гигиеналық жағдайын бақылайды; 
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізеді;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.
Білуге тиіс: 
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика, психология негіздерін;
жас ерекшелік физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын; 
дене тәрбиесін, әртүрлі жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін;
судағы тәртіп ережелерін; тәрбие жұмысының әдістемесін; 
дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын;
бағдарламалар мен оқулықтар, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды; 
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздерін, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық ережелер мен нормаларды. 

      Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
    1) "педагог":
    білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;
    білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
    білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
    білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
    кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану;
    сандық білім беру ресурстарын қолдану;
    2) "педагог-модератор":
    бұдан басқа, "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:
    оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
    білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
    білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
    3) "педагог-сарапшы":
    "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
    ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;
    тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;
    аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
    аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
    4) "педагог-зерттеуші":
    "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
    сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану;
    білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
    аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;
    облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
    облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
    5) "педагог-шебер":
    "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
    облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;
    ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
    тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
    республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.02-24.02.2025ж.  күндері аралығында қабылданады.
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесіне конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Конурсқа қатысу туралы  өтініш; (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023ж.15 тамыздағы  №259 бұйрық бойынша  15қосымша)
2.Жеке басын куәландыратын құжат  не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы ( нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4.Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен  бектілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7.Психоневрологиялық  ұйымынан  анықтама;
8.Наркологиялық  ұйымынан  анықтама;
9.Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10.Арнайы нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.  (ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023ж.15 тамыздағы  №259 бұйрық бойынша 16 қосымша).
11. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады
12.Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.            
Конкурсқа қатысуға құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төмендегі мекен жайда қабылданады.

Батыс Қазақстан облысы , Жаңақала ауданы, Бірлік а., Д.Нүрпейісова көш., №33 үй
soshmirmanova@mail.ru
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам жоғарыда көрсетілген мекен жайға құжаттарды қағаз немесе электронды түрде тапсыра алады.

2/5